ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
Қазақстандағы инвестициялық компаниялардың инновациялық әлеуеті қаржы нарығының тұрақтылығы мен экономикалық дамудың маңызды факторы болып табылады. Соңғы жылдары елде цифрлық қаржыландыру, жасыл инвестициялар және венчурлік капитал қарқынды дамып келеді. Astana International Exchange (AIX) жаңа қар...
Saved in:
Published in | THE BULLETIN Vol. 414; no. 2 |
---|---|
Main Authors | , , |
Format | Journal Article |
Language | English |
Published |
30.04.2025
|
Online Access | Get full text |
ISSN | 1991-3494 2518-1467 |
DOI | 10.32014/2025.2518-1467.931 |
Cover
Summary: | Қазақстандағы инвестициялық компаниялардың инновациялық әлеуеті қаржы нарығының тұрақтылығы мен экономикалық дамудың маңызды факторы болып табылады. Соңғы жылдары елде цифрлық қаржыландыру, жасыл инвестициялар және венчурлік капитал қарқынды дамып келеді. Astana International Exchange (AIX) жаңа қаржы құралдарын енгізу арқылы нарық мүмкіндіктерін кеңейтуде. Зерттеудің негізгі нәтижелеріне сүйене отырып, келесі қорытындылар жасауға болады. Біріншіден, Қазақстандағы инвестициялық компаниялар инновациялық даму стратегиясын жедел түрде жетілдіруі қажет, әсіресе, цифрлық қаржыландыруды кеңейту тұрғысынан. Екіншіден, жасыл экономиканы қаржыландырудың дамуы елдің тұрақты дамуына ықпал етеді, бірақ оны қолдау үшін қосымша заңнамалық және экономикалық шаралар қажет. Үшіншіден, Қазақстанның инвестициялық нарығында шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында әкімшілік кедергілерді азайту маңызды. Соңында, инновациялық технологияларды енгізу және жаңа қаржы құралдарын дамыту арқылы елдің инвестициялық әлеуетін арттыру мүмкіндігі бар. Astana International Exchange (AIX) жаңа қаржы құралдарын енгізу арқылы нарық мүмкіндіктерін кеңейтіп, инновациялық құралдарды дамытуға ықпал етуде. Дегенмен, қазіргі уақытта Қазақстандағы инвестициялық компаниялардың инновациялық әлеуеті толыққанды іске қосылмай отыр, себебі цифрлық қаржыландыру және жасыл экономика саласындағы заңнамалық және экономикалық қолдаудың жеткіліксіздігі, сондай-ақ әкімшілік кедергілер инновацияларды енгізуде кедергі келтіруде. Зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, инновациялық әлеуетті арттыру үшін мемлекеттік қолдау, қаржылық технологияларды дамыту және халықаралық тәжірибені қолдану аса маңызды. |
---|---|
ISSN: | 1991-3494 2518-1467 |
DOI: | 10.32014/2025.2518-1467.931 |